Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
Балалар мен жасөспірімдердің
туризм және өлкетану орталығы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ОРТАЛЫҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ҚҰРМЕТТІ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАР!
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

abenovҚалалық балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы елорда мектептерінде ұлттық құндылықтарды дамытуда көп жұмыс атқаруда. Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы үш бағытта жұмыс жасайды. Олар: өлкетану, туризм және экология саласы. Өлкетану саласы өз өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін біліп, оларды сақтап, қорғап, насихаттау туралы біліміңді жетілдіруге бағыт береді. Оқушылар өлкетану үйірмесінде өз туған жері туралы ақпарат алумен қатар, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, іздену-зерттеу дағдыларын, бақылау, зерттеуші қабілеттерін дамыту бағытын үйренеді.

Туризм саласы Қазақстан Республикасының көрікті жерлеріне баруды, биік шыңдар мен жазықтарды аралауды, табиғаттың өзіндік қатаң шарттарын жеңіп шығуға және белсенді спорттық демалысты дамытуға бағыт береді. Туризмнің басты бағыты жас ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге жаяу туризмді дамыту, тез әрі жылдам шешім қабылдай алатын азаматты тәрбиелеу. Экология саласы қоршаған орта мен табиғат, жергілікті жердің экологиясы мен өсімдіктерін, жануарларын, Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық жағдайлар мен оларды шешудің оңтайлы жолдарын жан-жақты қарастыру негізінде ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру табиғатты қорғау, өзіңнің ортаңды таза ұстау бағытын ұстанады.

Азаматтық патриоттықты дамытамын, өз халқымның тарихын, өнегелі жақтарын білемін, өз елімнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш етемін, олардың ерлігіне тағзым етемін, денсаулықты жақсартамын, өлкемді зерттеймін, табиғатпен дос боламын десеңіз бізге келіңіз, Жас дос!

Құрметпен, балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры - Әбенов Мэлс Қабдоллаұлы!

pp2018 ru

ОРТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тау туризмі техникасы бойынша жарыс

«Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында» 2020 жылы желтоқсан айының 7-11 аралығында «Жасанды рельефтегі тау туризмі техникасы» ...

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық байқауы

2020 жылдың қараша айында Павлодар қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы қатысушыларының арасында...

Обзорный ролик

Центр детско-юношеского туризма и краеведения акимата города Нур-Султан

Краткое описание видеоролика. Краткое описание видеоролика. Краткое описание видеоролика. Краткое описание видеоролика.

Любое использование материалов, допускается только с разрешения Администрации
должно сопровождаться обязательным указанием ссылки на источник.